Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Тұрғын үй орталығы аталған азаматтарды тізім бойынша іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

2021-04-21

Тұрғын үй орталығы аталған азаматтарды тізім бойынша іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Бірінші бағанда қайтыс болған кезекте тұрғанның деректері, санаты және кезекке қойылған күні, отбасы мүшелері бағанында оның кезегін қайта сақтау үшін біз іздеген азаматтардың деректері көрсетілген.

Бұл дегеніміз, бұрын тұрғын үй кезегінде тұрған қайтыс болған азаматтың отбасы мүшелері кезекке қоюдың бастапқы күнін сақтай отырып, өз кезегін қайта сақтауға құқылы.

Ол үшін не қажет?

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ (ХҚКО) келесі құжаттар тізбесімен жүгінеді:

– өтініш берушінің жеке куәлігі (қайта сақтауға берген тұлғаның);

– кезекте тұрғанның қайтыс болуы туралы куәлік;

– туысқандығын растайтын құжат (неке қию туралы куәлік, туу туралы және т.б.);

– өтініш берушіге ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама.

Отбасы мүшесінің кезегі қайта сақталмаған жағдайда, қайтыс болған кезекте тұрған адам тұрғын үй кезегінен алынады.

Осы мәселе бойынша консультация алу үшін ватсап  87761982970 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.