Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.

2021-04-16

Тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.

Бұл бағдарламаға «Көп балалы отбасылар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көп балалы отбасылар (тек атаулы санат) қатыса алады.

Пәтерлердің жалпы саны 94, оның ішінде:

– 89үш бөлмелі  пәтер (74,6 – 76,1 ш.м.)

– 5 төрт бөлмелі  пәтер (97 кв.)

Тұрғын үй түрі: Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

Орналасқан жері: Қордай көшесі, 79 және Қордай көшесі, 79а.

Қабылдау күні: 2021 жылғы 21 сәуір сағат 00:00-ден 2021 жылғы 28 сәуір сағат 23:59-ге дейін;

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады;

Шарттары: Нұр-Сұлтан қаласында «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұру.

Іріктеу қою күні мен отбасы құрамы бойынша «Көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.

Қатысуға өтініштерді барлық жылдардағы (2006-2021) кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтініш берген кезекте тұрғандар арасынан алдымен кезекке ерте тұрғандар өтеді. Біз қандай жылдар өтетінін алдын-ала білмейміз, өйткені нәтижелер кезекте тұрғандардың қай жылдары өтініш беретініне байланысты, ал мұны болжау мүмкін емес.

Өтініш беру үшін Сізге:

1) ЭЦҚ кілті;

2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

4) Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Жауап-сұрақ:

1)      Тұрғын үйдің бұл түрі қанша жылға беріледі? – Аталған тұрғын үйді берген кезде Сізбен ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады. Тиісінше, Сіз әр 5 жыл сайын жалдау шартын қайта жасасу арқылы шексіз уақыт өмір сүре аласыз.

2)      Мен қанша бөлмелі пәтерге өтініш беруді таңдай аламын ба? – Жоқ, бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жасалады.

3)      Мен көп балалы отбасымын, бірақ «Толық емес отбасы»/ «Мемлекеттік қызметші» және т.б. ретінде тұрғын үйге кезекте тұрмын, өтініш бере аламын ба? – Жоқ, тек «Көп балалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар ғана өтініш бере алады.

4)      Мен тұрғын үй мекенжайын таңдай аламын ба? – Жоқ, пәтерлер отбасы құрамына байланысты квадратураға бөлінеді.

5)      Мен белгілі бір қабатты таңдай аламын ба? -Жоқ, бірақ тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге пәтер екінші қабаттан жоғары берілмейді.

6)      Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алғаннан кейін мені кезектен шығарады ма?

7)      – Иә, шығарады.