Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Достар, “Бақытты отбасы”бағдарламасына қатысу механизмін қуана хабарлаймыз.

2021-04-09

Достар,  “Бақытты отбасы”бағдарламасына  қатысу механизмін  қуана хабарлаймыз.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер банктің www.hcsbk.kz – сайтында, онлайн түрде 12 сәуір мен 26 мамыр аралығында қабылданады.

Бақытты отбасы бағдарламасына қатысушылар –  санаттары мен  кезекке қойылған жылына қарамастан қатысуға өтінім бере алады.

45 күн ішінде барлық өтінімдер қабылданады.

Әрі қарай, Жүйе автоматты түрде қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін құрайды.

Әкімдіктің кезекке қою күні, кезекке тіркелген санаты және өтінім беру уақыты қатысушының негізгі тізімге ілігуінің айқындаушы фактор болады.

Өтінім беру үшін:

🔸️ЖСН қажет;

🔸️Аутентификация кодын алу үшін ұялы телефон.

Әкімдікте  келесі санаттар бойынша пәтер кезегінде тұру керек:

– көпбалалы отбасы;

– мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;

– толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

Конкурс қорытындыларын өтінім нөмірі бойынша 27 – мамырдан кейін Банктің сайтынан көруге болады.

Бағдарламаның барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз, құрметпен Сіздің Отбасы Банк.