Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды!

2020-11-16

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды! (Республика даңғылы, 32). Бұл орталықта тұрғын үйге кезекке тұру, кезек нөмірін тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер бойынша және т. б. мәселелерге қатысты кеңес алуға болады.

Бұл орталық қала тұрғындары үшін ыңғайлы, себебі олар тұрғын үй мәселелері бойынша қаланың әр ауданында орналасқан инстанцияларға бармай-ақ бір жерден кеңес ала алады.

Орталықта тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері де жұмыс атқарады. Бөлінген аумақтың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады, қызметтерді арнайы мамандар көрсетеді. Күн сайын орталық 300-ден астам қала тұрғынын қабылдайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты.

Мұндай орталықтардың ашылуы жұмысты жүйелендіруге және “бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Өткен жылдың жазында “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығы ашылды, онда мамандар қала тұрғындарына әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді. Осы уақыт ішінде орталыққа 40 мыңға жуық адам жүгініп, көмек алды.