Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін лифттер аса қажет екені белгілі.

2020-11-13

Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін лифттер аса қажет екені белгілі. Өкінішке қарай, кейбір үйлердегі лифттер апатты жағдайда, ал кейбіреулері тіпті жұмыс істемейді де. Біз биыл лифтін ауыстыратын үйлердің тізімін жасадық.

Мысалы, «Sun city» (Ғабдуллин көшесі, 11) тұрғын үй кешенінде бір подъездің лифті 2009 жылдан бері жұмыс істемеген, ал басқалары апатты жағдайда болыпты. Адамдар бірнеше рет лифтте қамалып, мамандарды шақыруға мәжбүр болған.

Енді осы үйге «Нұрлы жер 2020-2025» тұрғын үй – коммуналдық кешенді дамыту бағдарламасы аясында жаңа лифттер орнаттық.