Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Басқарма мамандары тұрақты негізде Нұр-сұлтан қаласының ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қауіпті техникалық құрылғыларына техникалық диагностика жүргізуге қатысады

2020-11-12

Басқарма мамандары тұрақты негізде Нұр-сұлтан қаласының ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қауіпті техникалық құрылғыларына техникалық диагностика жүргізуге қатысады

2020 жылғы 11 қарашада «ТРЕСТ Средазэнергомонтаж» АҚ жазбаша сұрау хаты шеңберінде «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ газ инспекциясы және көтергіш құрылымдарды бақылау бөлімінің мамандары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды куәландыруға, қоректік су, суық коллектор құбырларын гидравликалық сынауға, сондай-ақ «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО станция турбогенераторы ТҚҚ (төмен қысымды қыздырғыш) жабдығының монтажын тексеруге қатысты.

Жұмыс кезінде қоректік су құбырларын, суық коллекторды гидравликалық сынау нәтижесінде қысым 22,6 МПа t=158c^, сынақ қысымы 287,5 кгс/см^2 берілді, ол 10 минутқа дейін созылды, содан кейін жұмыс қысымына дейін төмендетілді. Дәнекерленген қосылыстардағы қалдық деформацияларды, жарықтарды, булануды және басқа да ақаулар визуалды тексеру кезінде анықталған жоқ.