«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда пайдалануға байланысты газ-ауа қоспасының жарылысын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының талаптарын орындау үшін, осы қағидаларға сәйкес, келесілерді хабарлайды:
– 28-баптың 7-тармағы сұйытылған мұнай газын екі қабаттан жоғары қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады;
– 19-б. 1-т. газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” 306-бабына сәйкес газды пайдалану, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу.
- Қазақстан Республикасының Газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу;
– Жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет;
– Жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.