Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Құрметті кезектілік күтүшілер!

2020-11-05

zhilfond.kz сайтында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» (ҚИК арқылы) бағдарламасы бойынша өтінім бергендердің барлығының тізімі жарияланды.
Бұл тізімдерде төмендегідей белгіленген:
1) «Өтті» – бағдарлама бойынша өткен өтініш берушілер;
2) «Сәйкес келмейді» -қандай да бір себептермен қатысудан бас тартылғандар (мүлкінің болуы, жұмыс орнынан анықтама қоса берілмеген немесе жұмыс орнына сәйкес келмейді және т. б.) немесе тұрғын үй кезегіне қойылған күні бойынша өтпегендер;
3) «Резерв» – егер негізгі өткендердің арасында төлем қабілеттілігін растай алмайтындар болса, ҚИК шақыруы мүмкін тұлғалар.

Осы бағдарлама бойынша іріктеу әрбір қызмет саласы бойынша жеке, яғни білім беру, денсаулық сақтау және т.б. сала қызметкерлері бойынша кезекке қойылған күніне сәйкес жеке іріктеу жүргізілгеніне назар аударуыңызды сұраймыз.
Әрбір қатысушыға өтінімді берген кезде көрсеткен электрондық поштасына өтінімнің мәртебесі жіберілді, егер бас тартылған болса, онда бас тартудың себебі көрсетілген.
Кезекке қойылған күні бойынша қатысушыларды іріктегеннен кейін Сіз төлем қабілеттілігін растау үшін Қазақстан ипотекалық компаниясына шақырылатын боласыз. Сұрақтар бойынша ҚИК жедел желі телефонына 8 800 080-44-48 нөміріне жүгіну қажет.

Скачать Все заявки

Скачать Прошедшие

Скачать Резервные