Бағдарламаның шарттары
- Тұрғын үйді өзіңіз тандайсыз
- Алғашқы жарна төлемнің бір бөлігін өтеу үшін әкімдіктен 1 миллион теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын алу мүмкіндігі бар ( бастапқы және қайталама нарықта үй сатып алғанда)
- Қарыздың ең көп сомасы – 15.000.000 тенге
- Бастапқы жарна – 10%
- Жылына 2%
- Несие беру мерзімі 20 жылға дейін
- Отбасының бір мүшесінің табысы 62 366 тенгеден аспауы тиіс
Қатыса алады:
- Көпбалалы отбасылар
- Толық емес отбасылар (Неке бұзған күннен бері 3 жыл өту шарт)
- Мүгедек балалары бар отбасылар
Осы бағдарлама бойынша өту үшін 3 кезеңнен өту керек:
1. Тұрғын үй қорынан жолдама алу
2. Жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзінің төлем қабілеттілігін растау
3. Егер Сіз бастапқы нарықты таңдасаңыз, төлем қабілеттілігін растағаннан кейін Сізді 1 млн. теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Р.Қошқарбаев, 39 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды.
Қатысуға құжаттарды қашан тасыру қажет?
Бағдарламаның басталуы жайлы ақпарат біздің интернет-ресурстарда жарияланады