Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

ДӘЙЕКСІЗ АҚПАРАТ!

2021-05-22

Құрметті азаматтар !!!

Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді кезектен тыс алу туралы жүгінген азаматтардың немесе тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үйге мұқтаж тіркеуде жоқ азаматтардың   өтініш беру жағдайлары жиілеп кетті.

Азаматтардың хабарлауынша, белгісіз біреулер өздерін Басқарма қызметкерлерінің аты-жөнімен таныстыра отырып, үй алу кезегі келгенін, бірақ несие бойынша төлемді уақтылы төлемегені үшін шоттарға тиым салуына байланысты олар тұрғын үй беруден бас тартуы мүмкін деп хабарлаған.

Олар бұл адамдарға қысқа мерзімде несие бойынша қарыздарын өтеуді ұсынып, содан кейін оларға тұрғын үй берілетінін айтқан.

Азаматтар қарызды өтегеннен кейін белгісіз адамдар телефон нөмірлерін бұғаттап немесе өшіріп және бұдан былай байланысқа шықпаған.

Осыған байланысты Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, тұрғын үй беруге қатысты өтініштерді қабылдау   upravlenie.zhilya, zhilfond_nursultan, zhilfond.kz   ресми интернет ресурстарда хабарландыру жариялау арқылы өтетінін хабарлаймыз. Мұндай қоңырауларға сенбеуіңізді, сұрақтар туындаған жағдайда Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен бірге  өтініш берілген сәттен бастап тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен берілетінін еске саламыз.