Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А.Қизатовтың төрағалық етуімен Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссиясының жоспарланған отырысы өтті.

2021-05-21

12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.А.Қизатовтың  төрағалық етуімен Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссиясының жоспарланған отырысы өтті. Күн тәртібіне су тасқыны және жылыту маусымының қорытындысы, ағымдағы жылдың шомылу кезеңіне дайындық, елорданың тұрғын үйлерінде, ғимараттары мен құрылыстарында газбен жабдықтау жүйесінің жағдайы және газбен жабдықтау жұмыстары қаралды.

Комиссия отырысына жергілікті атқарушы органдар қатысты, атап айтқанда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «АстанаГазСервис» ЖШС және басқа да мүдделі ұйымдар. 

Комиссия отырысы барысында «Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысының орынбасары Д. Ш. Кулбаев астананың газдандырылуы жөнінде, сондай-ақ тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану қағидалары жөніндегі 2 жұмыс тобының қызметі туралыбаяндады.