Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Тұрғын үй орталығы құжаттарды жаңарту тізімі бойынша аталған азаматтарға іздеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

2021-05-12

Тұрғын үй орталығы құжаттарды жаңарту тізімі бойынша аталған азаматтарға іздеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Тізімде кезекте тұрғанның деректері, санаты және кезекке қойылған күні көрсетілген. Құжаттарды жаңарту 2021 жылғы 19 мамырына дейін шұғыл түрде жасау қажет.

Қайда жүгіну керек және құжаттар тізімі қандай?

Келесі құжаттар тізбесімен Республика даңғылы, 32 (307 кабинет) мекенжайы бойынша орналасқан Тұрғын үй орталығына жүгіну қажет:

– жеке куәлік (отбасының барлық мүшелеріне);

– балалардың туу туралы куәлігі;

– баланың мүгедектігі туралы анықтама (ДКК немесе ОЖБ);

-неке қию / некені бұзу / жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік /ф-4 анықтамасы/ әке болуды анықтау (осылардың бар біреуін);

– ҚР бойынша барлық отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құжаттарды жаңарту тек тізімде көрсетілген азаматтарға қажет, ал қалғандарына құжаттарды жаңартудың қажеті жоқ.

СКАЧАТЬ СПИСОК