Нұр-Сұлтан қ., Республика д., 32
+7 (7172) 55-18-01
upravlenie.zhilya.2020@gmail.com

Тұрғын үйдің ортақ мүлкіне қалай күрделі жөндеу жүргізуге болады?!

2021-05-11

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес ортақ мүлік дегеніміз- қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктер жатады.
Және де Заңның 50 бабының 1 тармағына сәйкес, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді.
Өз кезегінде Заңға сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі белгілі бір мөлшеріндегі ақшаны ай сайын жинақ шотына аударуға міндетті, яғни жинақ шотында қаржы болған жағдайда осы қаржы есебінен болмаса бір реттік нысаналы қаржы жинап немесе Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде қайтарымды қаржы алып жүргізуге болады.
Қосымша айта кететін жайт, Заңның 42-1 бабына сәйкес ортақ мүлікті күтіп ұстау мен басқаруға қатысты сұрақтар меншік иелерінің ортақ жиналысында қарастырылады